Елордада Еуропа зағиптар қоғамы комиссиясының отырысы өтуде

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 4‑і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін елордада Еуропа зағиптар қоғамы бейімдеу, мамандыққа баулу және еңбекпен қамту  комиссиясының отырысы өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Жиынға қатысушылар басқосу барысында бірқатар маңызды мәселелерді, атап айтқанда мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуы жайларын кеңінен талқыламақ. Сонымен бірге зағиптар қоғамы Еуропа елдеріндегі, оның ішінде Швеция, Германия мен Румыниядағы зағип жандар мен көзі нашар көретіндер арасындағы экономикалық қарекетсіздік мәселелері де қаралады. Еуропалық зағиптар қоғамының әртүрлі елдерде  өткізетін іс-шаралар жоспары мен тақырыптары жайында сөз болады.

1993 жылдан бері Еуропа зағиптар қоғамының мүшесі болып қабылданған «Қазақстан зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі аталған шараның еліміз үшін пайдалы тұстары көп екендігін атап өтеді. Әсіресе, қазақстандықтар Батыс Еуропа елдерінің зағиптарға көңіл аударудағы, оларды еңбекке баулу мен оқытудағы тәжірибелеріне үлкен қызығушылық танытып отыр.

Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес арнайы қарар қабылданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар