Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысады. ЕАЭО-ның байқаушы мемлекеттері - Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.

ЕҮАК отырысының шағын және кеңейтілген форматы ескерілген. Бүгінгі кеңейтілген құрамдағы отырыстың күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайы және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеделдетілген контейнерлік теміржолдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба туралы, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың бақылау тетігі туралы келісімін іске асыру жайында мәселелер және басқа да тақырыптар кіреді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.

24 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді.

Мұнымен қоса, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен кездесті.


Соңғы жаңалықтар