Елордада Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Ұлттық музейде Еуразия астаналары жазушыларының форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумның пленарлық отырысын бастаған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет арқа төрінде мұндай ауқымды халықаралық жиын осымен екінші рет өтіп отырғанын жеткізді.

«Былтырдан бері елорда күніне орай қаламгерлердің халықаралық форумын өткізіп келеміз. Биылғы форум Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Жазушылар одағының қалалық филиалының мұрындық болуымен өтіп жатыр. Мақсатымыз - өз қазанымызда қайнай бермей, әдебиетке жаңа арна ашу, қазақ әдебиетін әлемге насихаттау, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтеруге атсалысу. Осы форумды жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдырсақ деген ойымыз бар», - деді Ұлықбек Есдәулет.
null

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те Еуразияның әр бұрышынан жиналған жазушыларды форумның ашылуымен құттықтады.

«21 жылдың ішінде астанамыз жаһандық шаралардың алтын ошағына айналып үлгерді. Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет - ардың ісі» деген сөзі бар. Әдебиеттің өрісі барша азаматтардың бірге жасаған ісінің нәтижесінде кеңейеді. «Рухани жаңғыру» аясында бұл міндетті бірге атқарамыз деп ойлаймыз. Бұл форумның көтерген жүгі маңызды, орны зор. Ауқымды форумның елордада өтуі қаланың руханиятын жаңа деңгейге көтереді», - деді қала әкімі.
null

Еуразияның 20-дан астам астанасынан келген жазушылар екі күні бойы кітап маркетингі, әдеби агенттіктердің ісін дамыту, әдеби аударманың өрісін кеңейту мәселелерін талқыламақ.

null null null

Соңғы жаңалықтар