+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Елордада ескерткіштің бағалы металдан жасалған әріптерін ұрлаған адам ұсталды

2019 жылғы 8 қараша 12:26
Бөлісіңіз:
Елордада ескерткіштің бағалы металдан жасалған әріптерін ұрлаған адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің ескерткішінен бағалы металдан жасалған әріптерін ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 26 жастағы жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған Өскемендегі мейрамханадан 20 мың доллар салынған сейф ұрланды Елордада балабақшадан тұрмыстық тауарлар ұрлаған күдікті ұсталды

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтауынша, күдікті түнде ескерткіштегі жезден құйылған әріптерді ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК-ның 118-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұрланған әріптердің бір бөлігін металл сынығын қабылдайтын орыннан алған», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған затты сатып алушыға қатысты да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT