Елордада есірткіге тәуелді қанша адам бар

None
АСТАНА ҚазАқпарат –Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных есірткіге тәуелді астаналықтардың ресми статистикасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда ресми статистика бойынша Психикалық денсаулық орталығында 1195 адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған жеткіншек бар. Бірақ бұл ресми статистика. Бейресми статистиканы шығару үшін осы санды 5-ке көбейту керек деген пайымдар бар», - деді департамен өкілі.

Сондай-ақ ол синтетикалық есірткі саудасы қалай ұйымдастырылатынын айтты.

«Жалпы синтетикалық есірткі саудасы түгелдей интернет арқылы іске асады. Бір топ оның жарнамасына жауапты болады. Олар синтетикалық есірткінің қандай түрін қай орындардан алуға болатынын, бағасын жабық мессенджерлер арқылы жарнамалайды. Тағы бір топ есірткі әзірлеумен айналысады. Енді біреулер дайындалған есірткіні белгіленген орындарға жасырады. Сондай-ақ есірткі саудасынан түскен заңсыз ақшаны заңды айналымға шығаруға жауапты бухгалтерия бөлімі болады. Бұл 4 зертхананы да осындай ұйымдасқан топтар ашқан. Олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол сотта қаралып жатыр», - деді Сергей Ильиных.


Фото: static.bntu.by



Соңғы жаңалықтар