Елордада есірткі жарнамасын таратқан үш жігіт ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада есірткі сататын сайтты жарнамалаған үш жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері синтетикалық есірткі ұсынатын интернет-сайт жарнамасын таратқан 30 және 32 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Оларды ұстауға қала тұрғындары да көмектесті.

«Олар ғаламтор сайттары арқылы есірткі затын өткізу және оларды пайдалану, еліктіруге қатысы бар жарнамаларды таратқан. Оларды ұстау кезінде трафарет пен аэрозоль бояу баллондары тәркіленді. Жыл басынан бері 100-ден астам осындай сайт анықталып, оларды бұғаттау жөніндегі ақпарат құзырлы органдарға жолданған. 7 адам жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.
null

Полиция департаменті осы азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жасырын сенім телефон нөмірлеріне 71-63-93, 71-62-60 немесе 102-ге хабарласуын өтінеді.

Соңғы жаңалықтар