+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Елордада есірткі сатушылар ұсталды

2021 жылғы 16 қаңтар 12:53
Бөлісіңіз:
Елордада есірткі сатушылар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда аумағында жүргізілген арнайы операция барысында қалада есірткі сатумен айналысып келген 2 адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын сату үстінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінің ауласын тінту барысында гашиш есірткісі буып-түйілген 8 полиэтилен шағын пакет, ал үйінен салмағы 600 грамм гашиш салынған екі полиэтилен пакет табылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай аумақтарының бірінде елордаға есірткі жеткізуші 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Үйін тінту барысында сатуға дайындаған жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтын каннабис шайыры салынған 50 сіріңке қорабы тәркіленді.

Екі күдіктіден тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келіні немесе 3 500 реттік доза гашишті құрайды.

«Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде», - деді департаменттен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT