Елордада Есіл өзеніне батқан ер адам құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері Есіл өзеніне батқан ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 маусым күні сағат 11.28-де «112» жедел нөміріне Жедел басқару орталығынан Сана ТК қарама-қарсы Есіл өзеніне бір адамның суға кеткені жөнінде хабарланды», - делінген ресми хабарламада.

Оқиға орнына сол маңда патрульдеп жүрген Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушысы катермен жіберілген.

Нәтижесінде құтқарушылар - Абылайхан Өмірбаев, Ержан Қабылов және Дәурен Қайыров суға кеткен ер адамды тапты. А. Өмірбаев суға секіріп, ер адамды катерге жеткізді. Е. Қабылов пен Д. Қайыров есінен танған тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы бірқалыпты, ауруханаға жатуды қажет етпеді.

Кейінірек анықталғандай, 1975 жылы туған ер адам өзен жағасында спиртті ішімдік ішкен және шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Судың ағысына төтеп бере алмай, бата бастаған. Құтқарушылар жедел әрекет ету арқылы қайғылы оқиғаның алдын алды.

Соңғы жаңалықтар