Елордада ертең ХІІ Астана экономикалық форумы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең елордада «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында 2019 жылғы Астана экономикалық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

XII Астана экономикалық форумының тақырыбы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар». Әлем төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуіріне енді. Бұл дегеніңіз бірінші орынға табиғи ресурстар мен географиялық жағдай емес, экономиканың «технологиялылығы», қалалардың даму деңгейі мен адами капиталдың сапасы шығатынын білдіреді. Адам капиталы, оның білімі мен білігі үлкен өзектілікке ие болады. Қазіргі әлемдегі мемлекеттің табыстылығы билік институттары мен азаматтардың жаңа шындыққа дайындылығымен анықталады.

Қазақстандық экономикалық зерттеулер институты «Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» сараптамалық шолуын дайындады. Оны әзірлеу кезінде белсенді қатысқан стратегиялық серіктестер: BCG, PwC, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі Комитеті. Институт басқармасының төрағасы Ерлік Қаражан бұны былай түсіндіреді:

«Біз бүкіл әлемге Қазақстанның басты әлемдік мәселелерді шешуге қатысу дәрежесін, елдің ашық дамуға бағытталғандығын, түрлі салаларда тиімді шешімдерді іздеуге дайындығын көрсеткіміз келеді».

АЭФ-2019 алаңында адам капиталы мәселелері неліктен көтерілетін болады? Жаһандық цифрландыру әлемінде білім қолжетімді, ал ғалымдар арасындағы бәсекелестік жаңа келбетке ие болды. Бірінші орынға адам экономикасы шығады. Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы және оның экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі адами капиталдың рөлін айқындайтын біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болуы мүмкін және болуы тиіс.

Сонымен бірге, әлемдегі қалалар да өзгереді. Әлем үлкен қалалардың, агломерациялардың айналасында шоғырланған. BCG Директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнердің (Hans-Paul Barker) айтуынша, 2030 жылға қарай қалаларда 5,1 млрд адам немесе әлемдік халықтың 60% тұратын болады. Экологиялық жүктеме теңдесі жоқ, бүгінгі күні қала тұрғындарының 10% ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетін барабар жағдайларға ие.

«Менің ойымша, теңдестірілген өсімді қамтамасыз ететін үш шешім бар. Біріншіден, қалалар өнеркәсіптің еңбек сыйымды және экологиялық күрделі салаларын өңірлерге ығыстыра отырып, өзінің экономика құрылымын толығымен қалпына келтіруге тиіс. Олар жаңа экономикаға - шығармашылық және білікті жұмыс күшін талап ететін қызмет көрсету секторына бағдарлануы керек. Екіншіден, жергілікті билік органдары қоршаған ортаны ластайтындарға аяушылық танытпай, салықтар мен айыппұлдарды көбейтпеуі тиіс. Сонымен қатар, «қалдықсыз және тұйық цикл» саясатын жүргізетін компанияларға нақты қаржылық ынталандырулар ұсыну қажет.Үшіншіден, ұлттық үкіметтер жұмыс күшін аумақтық жоспарлау және жоспарлау саясатын елеулі түрде қайта қарауға тиіс. Адамдарды жұмысқа азырақ баруға және шектеулі ресурстармен бөлісуге мәжбүрлеп, «Адамдар инфрақұрылымға» принципін ұстану кажет», - дейді ол.

«Әлемдік экономика қиын кезеңді бастан өткізуде» дейді Халықаралық валюта қорының директор-таратушысы Кристин Лагард. Оның айтуынша, осыдан бір жыл бұрын экономикалық қызмет қарқыны әлемнің барлық өңірлерінде жеделденген.

«Алайда 2018 жылдың екінші жартысынан бастап біз саудадағы шиеленістің күшеюіне және қаржылық жағдайлардың қатаюына байланысты баяулықты байқаймыз. Біз 2019 жылдың соңында жандану болады деп күтеміз, бірақ ол, шамасы, тұрақты емес және жағдайдың нашарлау тәуекелдеріне ұшырайды. Осы тәуекелдердің қатарында - нақты елдермен, мысалы, «брекситпен» байланысты белгісіздік, сондай-ақ сауда саласындағы жалпы шиеленіс және қаржы нарықтарындағы үрейлі көңіл-күй», - деп есептейді ол.

Соңғы жаңалықтар