Елордада Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы Абай мерейтойы қарсаңында Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан «ЖЗЛ» сериясымен ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан жазушылар одағы, ҚР Ұлттық академиясы бірігіп тарихи-ғұмырбаяндық кітаптың тұсаукесерін өткізді.

«Шәкәрім» кітабы да «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан. Бұл кітаптарды «ЖЗЛ» сериясымен шығарғаным - қазақ түсінетін Шәкәрімді орыс, ағылшын тілдерін пайдалана отырып шетелдік оқырмандарға жеткізсем деген ой. Осылайша Шәкәрім туралы орыс тілінде жазылған тарихи-биографиялық кітап Мәскеуде жарық көрген. Одан кейін бірден қытай баспагерлері, түрік баспагерлері, ағылшын баспагерлері менің рұқсатымды алып, сол тілдерге аудары. Қазіргі уақытта «Шәкәрім» кітабы алты тілде жарық көрген», - дейді Ерлан Сыдықов.


Ол бастаған ісін жалғастырып, Құнанбай туралы кітап жазуды қолға алғанын айтты.

«Мен кәсіби тарихшымын. Осы уақытқа дейін тапқан материалдарды жинақтап, кітап жазып, ол Мәскеуден шығып, бізді қуанышқа бөлеп отыр. Ал «Неге Құнанбай?» деген сұраққа келер болсақ, біз Құнанбайды Мұхтар Әуезовтің «Абай жолындағы» кейіпкер сияқты қабылдап отырмыз. Жазушының ұлылығының арқасында дүниеге осындай образдар келді, бірақ қанша айтқанмен ол - кітаптағы образ ғана. Құнанбай - тарихи тұлға. Оның нақты өмірі, қоршаған ортасы мен істеген істері болды. Құнанбайды зерттеген кезде таптық көзқарасты, парииялық принципті алып тастар, тарихи объективті көзқараспен көрсету керек болды. Бүл үлкен кешенді зерттеулердің бір бағыты ғана. Бұл кітапты жазу барысында Омбы, Новосібір, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстандағы арзив құжаттар қолданылды», - дейді ол.

Аталған кітап 3 мың данамен жарық көрген.


Соңғы жаңалықтар