Елордада Еркеғали Рахмадиевтің шығармашылығына арналған «Сұлу саздың саңлағы» атты ән кеші өтті

None
None
АСТАНА.13 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Еркеғали Рахмадиевтің шығармашылығына арналған «Сұлу саздың саңлағы» атты ән кеші өтті.

Айта кетейік, көрнекті қоғам қайраткері, қазіргі заман композиторы Е. Рахмадиевтің шығармашылығы тек Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар шет елдердегі өнер сүйер қауымға танымал. Бүгінгі кеш барысында жиналған қауым композитордың жан-жақты да бай шығармашылығын тамашалап қайтты. Атап айтқанда концерт барысында «Ақ тырналар», «Бала ғашық» «Шаттық вальсі», «Әнші бақыты» және басқа да сүйікті шығармалар орындалды.

Ән кешіне ҚР Президент Әкімшілігінің, министрліктің өкілдері, депутаттар, зиялы қауым, студенттер, қала тұрғындары қатысты.

Соңғы жаңалықтар