-
ОНЛАЙН:
-
Елордада еріктілер көшеде ыстық шай мен бауырсақ таратты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» әлеуметтік қайырымдылық жобасы қолға алынды. Жоба аясында еріктілер қала көшелерінде шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, еріктілер «30 игі іс» акциясын қолдауға шығып, елорда тұрғындары мен қонақтарына, қаламызды тазалайтын «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Осылайша, еріктілер осы аязды күні жақсы көңіл-күй сыйлап, өз ықыластарымен көпшілікті жылытты. Барлығы 50 литр шай және 7 келі бауырсақ таратылды«, - деп хабарлады «Астана жастары« жастар ресурстық орталығы.
Қардың көп түскені жеке үй тұрғындарына, қарт адамдарға көп қиындық тудырды. Осыған байланысты қалалық штаб пен Қазақстан Еріктілер лигасының еріктілері акция аясында зейнеткерлерге аулалардағы қарды тазартуға көмектесті.
«Еріктілер жалғыз тұратын қарт адамдарға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. :астар 30 қарттың ауласын қардан тазартты. Акцияға қатыса отырып, еріктілер жас ұрпақтың ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестерін есте сақтайтынын және бағалайтынын көрсеткісі келеді», - деп атап өтті ЖРО.
Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.
Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз парақшаларына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен жазба немесе бейне жариялай алады.
- Астанада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
- Дәрігерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
- «Әлібек қорықпа»: Елордалық полицейлер терезе алдындағы сәбиді құтқарды
-
Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік жүргізген бойжеткен 15 тәулікке қамалды
-
Мемлекет басшысы астананың қалай дамып келе жатқанын арнайы аралап, тексереді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам