+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елордада ер адам «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көлікпен жүрген

2021 жылғы 16 сәуір 20:40
Бөлісіңіз:
Елордада ер адам «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көлікпен жүрген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 70-тен астам көлік отқа оранған Қазақстанда «Bus Lane» жолағымен көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат етіледі Елордада 5 күнде 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді

Көлік бүгін әлеуметтік желілерге мониоринг жүргізу барысында Мәңгілік ел көшесінде анықталған. Елорда полицейлері көлікті бір сағаттың ішінде тапты.

Жүргізушінің айтуынша, артқы терезесінің шынысында «Тапсырыспен адам өлтіру» жазуы бар көлікті ол бір ай бұрын Петропавл қаласында сатып алған, бірақ жазуды өшірмеген.

Бұдан басқа, тексеру кезінде 27 жастағы ер адамның көлік жүргізу құжаттарының болмағаны анықталды.

Ол техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті жүргізгені және жүргізуші куәлігінің болмағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлімі және 612-баптың 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ондағы жазуды жүргізушісі сол жерде өшіріп тастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT