+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Елордада ер адам сәбиді анасынан тартып алып кетпек болған

2021 жылғы 8 тамыз 10:25
Бөлісіңіз:
Елордада ер адам сәбиді анасынан тартып алып кетпек болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада белгісіз ер адам арбада отырған баланы анасынан тартып алып кетпек болды. Осы оқиғаның бейнебақылау камерасына түсірілген видеосы таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау оқиғасы: Сотталғандар жазасын жеңілдетуді сұрап отыр Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тигені үшін ұсталды

Бейнбақылау камерасындағы кадрлардан ер адамның әйелге жақындап, оның баласын арбадан қалай шығарып алғанын көруге болады. Кейін анасы баланы бөгде кісінің қолындағы баласына жармасады. Сол сәтте жаяу жүргіншілер әйелге көмекке келеді, ал ер адам қашып кетеді.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Сенбі, 7 тамыз күні Әбікен Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында белгісіз біреу 1,5 жасар баланы ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түсті. Баланы алып қалуға сол маңдағы жаяу жүргіншілер көмектескен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, тәртіп сақшылары Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған адамның ескірткі қолғаны анықталды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді аталған ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT