Елордада ер адам көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға туралы полицияның «102» нөміріне қоңырау кеше сағат 18.04 кезінде түсті. Қошқарбаев көшесіндегі үйдің ауласынан ер адамның денесінің табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Полиция департаментінен.

Ер адамның биік үйден қалай құлап кеткені анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар