+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Елордада ер адам басқа біреудің саусақ ізін пайдаланып, картадан ақша ұрлаған

2021 жылғы 8 сәуір 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада ер адам басқа біреудің саусақ ізін пайдаланып, картадан ақша ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 32 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Astra Consulting agensy» қаржы пирамидасының қызметкерлері ұсталды Елордада сегізінші веломаусым басталады Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады

Тергеу барысында күдіктіңнің қонақ үй нөмірінде танысымен ішімдік ішкені анықталды. Түнде досының ұйықтап қалғанын күтіп, оның саусақ ізін сканерлеген және телефонды бұғаттан шығарған. Одан әрі мобильді қосымшадан анасының банктік шотына 130 мың теңге аудардған. Жәбірленуші келесі күні ақшасының жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан.

Қазір күдікті ұрлығын мойындап, ақшаны иесіне қайтарды. Енді оған қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады. Сақ болыңыздар: ұялы телефон мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз. Ақшалай қаражатты ешкімнің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз немесе «102» нөміріне қоңырау шалыңыз!.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT