Елордада ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттады - ПД

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттаған. Қайғылы оқиға 20 қазан күні кешке тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«20 қазан күні сағат 22.19 шамасында Полиция департаментінің жедел басқарма орталығына 55 жастағы елорда тұрғыны мен оның 5 жастағы баласына оқ тигені туралы мәлімет келіп түсті», - делінген хабарламада.

Полиция анықтағанындай, отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы күйеуі мас күйде әйеліне оқ атып, оның екінші некеден туған ұлын жарақаттаған.

«Әйел алған жарақатынан көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қалалық уақытша оқшаулағышқа қамалды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар