+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді

2021 жылғы 17 қаңтар 19:07
Бөлісіңіз:
Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде Нұр-Сұлтан қаласының бір топ энтузиасі түсірген «Пустота» көркем фильмі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
BTS тобының әншілері 2020 жылдың үздік әртістері атанды Нұртөре Жүсіп кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты ұсыныс жасады Павлодарда Естайға ескерткіш орнатылады

AKMOLA MEDIA кинокомпаниясы түсірген криминалдық драмаға елордадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Сергей Маштаков режиссер, Юлиан Савицкий оператор-қоюшы болған. Идея авторы – Вадим Жүсінбеков. Басты рөлде С.Маштаков пен В.Жүсінбековтен бөлек, Иван Анопченко, Светлана Фортуна, Екатерина Максим, Людмила Крючкова, Денис Анников ойнайды. Сонымен қатар түсірілімге танымал қазақстандық рекордшы Сергей Цырульников қатысты.

«Фильм «бюджетсіз» түсірілді, жігіттер энтузиазммен жұмыс істеді. Түсірілім қаланың оң жағалауында жүргізілді. Кадрлардан «Целиноградты» тану оңай. Актерлер құрамына, сондай-ақ біздің командамызға қолдау көрсеткен барлық жанға алғысымды білдіремін», - деп жазды С.Цырульников Instagram парақшасында,

Продюсерсіз әрі бюджетсіз. Өткен жылы кино туынды бұқаралық ақпарат құралдарында осылай жарнамаланған болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты премьерасы созылып кеткен еді.

Фильмнің тұсаукесері YouTube-те өтіп, оны екі күннің ішінде 17,5 мың адам тамашалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT