+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Елордада еңбек инспекторлары 8 құрылыс нысанының жұмысын тоқтатты

2019 жылғы 24 қыркүйек 16:58
Бөлісіңіз:
Елордада еңбек инспекторлары 8 құрылыс нысанының жұмысын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда еңбек инспекторлары өрескел заңбұзушылыққа жол берген 8 құрылыс нысанының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы арқылы тұрғындар жоғалтқан заттарын тапты СҚО-да мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналды СҚО-да ер азамат 1974 жылғы төлқұжатпен жүрген

«Елордада өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік ауру-сырқаулардың, өндірісте адам өлімімен аяқталатын жазатайым жағдайлардың деңгейін азайтуға бағытталған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы іске қосылып, соның шеңберінде қаладағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері, қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттілігіне көп көңіл бөлініп отыр. Көбінесе еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру барысында қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарының фото-бейне материалдары көрнекі түрде көрсетілуде. Осы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мың адамды қамтыған 84 алдын алу іс-шарасын жүргізді», - деді елорданың баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Мұрат Шәкенов.

Басқарма өкілінің айтуынша, әлеуметтік бейнероликтер қаладағы LED-экрандарда көрсетіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанында жарақаттану мен еңбекақы мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бар. Оның құрамына прокуратура, қалалық полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті мен еңбек инспекциясының өкілдері кіреді. Еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтарына жол берген кәсіпорындардың басшылары апта сайын есеп беруге міндеттелген», - деді ол.

Мұрат Шәкенов өз сөзінде елордада еңбек инспекторлары құрылыс нысандарында нақты шараларды қабылдағанын да атап өтті.

«2019 жылдың өткен кезеңі ішінде еңбек инспекторларының талаптары негізінде материалдарды сотқа бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының 8 құрылыс және өндірістік нысанында жұмыстар тоқтатылды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT