+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елордада «Еңбек» бағдарламасымен 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

2019 жылғы 12 қараша 04:27
Бөлісіңіз:
Елордада «Еңбек» бағдарламасымен 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордада 9901 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда биыл 10 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазіргі уақытта 9 901 адам жұмысқа орналастырылды. 467 адам оқу курсын аяқтады, оның 176-ы жұмысқа орналасты, олардың бір бөлігі өз ісін жүргізуге грант алды. Мемлекеттік грантты алуға барлығы 899 бизнес-жоба мақұлданды. Қоғамдық жұмыспен 1 183 жұмыссыз қамтылды, тұрақты жұмыс орнына 300 адам қабылданды. Жастар тәжірибесін 485 аяқтады, оның ішінде 222 жас жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын 44 адам аяқтап, 23 адам жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сұранысқа ие мамандық бойынша кәсіби дағдылар мен біліктілік алуға, кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған. Оған ресми түрде жұмыссыздар қатыса алады.

Бағдарламаның жүзеге асырылуын елордалық халықты жұмыспен қамту орталығы үш бағыт бойынша жүзеге асырады. Қатысушылар үшін кәсіптік оқыту жүргізіледі. Олар оқу төлемімен және ай сайынғы 16 759 теңге мөлшеріндегі стипендиямен қамтамасыз етіледі. Екінші бағыт аясында Жұмыспен қамту орталығы жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін грант алуға құжаттарды қабылдайды. Бизнес-жобаны қарау және мақұлдағаннан кейін комиссия «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Орталық гранттар береді.

Бизнесті шағын несие бойынша консультация жүргізіледі және екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) несие алуға жолдама беріледі. Грант алуға үміткер ретінде кәсіби оқуды аяқтаған бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ «Жас Кәсіпкер», «Бастау» жобасының түлектері қатыса алады. Үшінші бағыт аясында Орталық әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырады. Осы бағыттар бойынша ізденушілерді ұйымдастыру және қабылдау қаңтар айында өткізілетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT