Елордада Емендер аллеясы ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрының маңында Емендер аллеясы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың урбанистика орталығына сілтеме жасап.

«Әкім А. Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Астана Опера« театрының маңында Тұран даңғылының бойында 300 ересек емен отырғызу жоспарланған. Емендер аллеясы дөңгелектелген отырғыштар түріндегі демалыс орындарымен абаттандырылады. Ағаштар жайма шуақ күндері жайлы демалыс үшін оңтайлы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз», делінген хабарламада.

Бұл ұсыныс қаланың әр түпкірінде жаппай көгалдандыру көзделген «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспарының шеңберіндегі көп бастамалардың бірі.

Орталық бұған дейін Сарайшық даңғылындағы көпірдің маңында Триатлон паркінде мамыргүл бағы ашылатынын хабарлады. Мамыр айында онда 1 мыңнан астам ағаш егіледі.


Соңғы жаңалықтар