Елордада ем алған балалар Атырауға арнайы рейспен жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы әуе рейсімен Атырауға 7 ана балаларымен бірге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар бұған Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық балаларды оңалту орталығында емдеу курсынан өткен. Бірақ, емдеу аяқталысымен Атырауға орала алмаған. Бұған елімізде карантиннің енгізілуі себеп болған.

«Біздің балаларымыз 18 наурыздан бері квота арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықта емдеу курсын алды. Бірақ, төтенше жағдай кезіндегі карантинге байланысты Атырауға оралу қиындығы туындады. Осыған орай өңірлік жедел штабқа өзімнің және басқа балалардың аналары атынан хат жаздым. Келесі күні бізге өңірлік жедел штабтан телефон шалып, «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен арнайы рейс ұйымдастырылатынын хабарлады. Біз Атырауға «Аir Astana» әуекомпаниясының ұшағымен ұшып келдік», - деді ерекше баланың анасы Салтанат Қонысова.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, аналар мен балалар қауіпті індетке қарсы тесттен өткен. Бәрінің анализі таза шыққан. Қазір Атырауға оралған аналар балаларымен бірге отбасыларымен қауышқан.


Соңғы жаңалықтар