Елордада «Елге саулық, дәрігерге құрмет» атты кітап көрмесі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Елге саулық, дәрігерге құрмет» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина мамандарына деген құрметпен бүгін «Елге саулық, дәрігерге құрмет» атты кітап көрмесін ашуды жөн көрдік. Себебі басымыздан өткен осынау қиын заманда бәріміз тәуелді болдық. Дәрігерлер жұмыста қаншалықты маман екенін, жұмысының жоғары деңгейін көрсете білді. Халыққа қызмет етті. Дәрігерлердің арқасында аман-саумыз. Оларға құрмет көрсету – біздің парызымыз», - деді көрменің ашылу салтанатында Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Іс-шарада кітап-иллюстрациялық көрмесі назарға ұсынылды. Онда медицина саласы бойынша, әсіресе пульмонология мен жұқпалы аурулар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Одан бөлек карантин кезінде батылдық пен төзімділік танытқан дәрігерлердің ғылыми еңбектері, марапаттары және жеке заттары таныстырылды.

Коронавирус пандемиясы ұлттық денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болумен қатар, еліміздің медицина саласы үшін тәжірибе мектебіне айналып отыр.


Соңғы жаңалықтар