Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының жаңа музейінде «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» қор көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеде техникасы мен пішіні жағынан алуан түрлі құмыраның елуден астам үлгісі ұсынылған. Ыдыстар фарфор, қыш, шыны, металдан жасалған. Олар Түркия, Қытай, Ресей Еуропа, Орта Азия, Жапония, Вьетнам, Малайзия және тағы да басқа елдердің мәдениетін сипаттайды. Аталған жәдігерлер Елбасы кітапханасы қорында сақтаулы тұрған құмыралар топтамаларының кішігірім бөлігі ғана.
«Ұсынылып отырған экспонаттар тек өнер жәдігерлері емес, олар Н.Ә.Назарбаевтың конвекторлы сыртқы саясаты мен республикамыздың халықаралық беделін айғақтайды. Әлем жұртшылығының Қазақстанға деген құрметі мемлекет және үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен дүниежүзілік компаниялар жетекшілерінің тарту еткен сыйлықтарынан көрініс тауып отыр. Көрмедегі кез келген құнды экспонат еліміздің халықаралық қарым-қатынас орнатудағы тарихы, Елбасының жеке тәжірибесі мен таптырмас саяси көрегендігінің дәлелі екені сөзсіз», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар мемлекеттердің елшісі, дипломатиялық өкілдер, ұлттық мәдени орталықтардың басшылары, мәдениет, өнер салаларының қайраткерлері мен жастар қатысты.
- Жанкүйерлер Димаш Құдайберген туралы веб-ойындар жасады
- Елордада мамандар орманды кеміргіштерден қорғауға кірісті
- СҚО-дағы әйелдер колониясында келіндер байқауы өтті
- Елордада екі бағыттағы жол жабылды
-
Жүкті келіншекті жатқызудан бас тартқан аурухана: ӘМСҚ тексеру жүргізді
-
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам