Елордада Елбасы мақаласының тарихи құндылығы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының бағдарламалық мақаласы қоғамның, ғылыми орта мен шығармашылық зиялы қауымның кең ауқымды талқылауына ие болды. Жалпы адамзаттық және ұлттық тарихқа жаңа тұжырымдамалық көзқарас Қазақстан тарихы мен тарихи ескерткіштерін сақтаумен дәріптеуге бағытталған жолды жалғастырады.

«Біз стереотиптер мен үрейлерден арыла отырып, өз тарихымызбен мақтана білуді үйренуіміз қажет. Тек осы арқылы біз тарихи бірегейлік дағдарысынан құтыламыз және өзіміздің Ұлы дала иесінің ұрпақтары екенімізді түсінеміз. Сондай-ақ, танымал ұлы тұлғалардың есімдерін жаңғыртуымыз керек, мысалы Конфуций дегенде бәрінің ойына ежелгі Қытай келеді, Аристотель десе ежелгі Греция, сол секілді біздің ұлы тұлғаларымыздың есімін айтқанда тиісінше Ұлы даламен байланысуы тиіс», - деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша Елбасы ұсынған «Архив-2025» бағдарламасы кезіндегі «Мәдени мұра» (2004 ж) жобасының жалғасы және ол тарихымыздың жаңа беттерін ашуға кең мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында тарихи сананың жаңғыруы, Ұлы даланың өткенін жаңа көзқараспен қарастыруға қажетті негізгі императивтер, әлемдік үдерістердегі Қазақстанның рөлі, сондай-ақ мақалада көрсетілген тапсырмаларды орындауға бағытталған жобалар мен бағдарламалар талқыланды.

Жиын жұмысына мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, әл-Фараби атындағы ҚазақҰМУ-і мен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессорлары мен тарихшы мамандары қатысты.

Еске салсақ, Елбасының 21 қараша «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар