Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 ақпан күні қолайсыз ауа райына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.

Айта кетерлігі, қалада кеше жауған жауыннан соң көктайғақ болды. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар