+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

2019 жылғы 27 наурыз 10:30
Бөлісіңіз:
Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екі жүк көлігі соқтығысып, біреуінің жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 наурыз күні «HOWO» маркалы жүк көлігі Абылай хан даңғылымен келе жатып, қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан «HOWO» автомашинасының 51 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің «ҚазАқпаратқа» жолдаған мәліметінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан «HOWO» жүк көлігінің кабинасы бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Қазіргі кезде аталған көлік апаты бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Фейсбуктегі "ОСА" ҚБ ресми тобында куәгерлер көлік апатының видеосын жариялады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT