Елордада екі жол апатынан зардап шеккендердің жай-күйі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада демалыс күні болған 2 жол апатынан зардап шекендердің басым бөлігі амбулаториялық ем алып жатыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 мамыр күні Сарыарқа мен Жангелдин көшелерінің қиылысында жол апаты болып, алты адам, оның ішінде 2 бала мен 4 ересек адам зардап шекті. Үш ересек адам Орталық темір жол ауруханасына жеткізіліп, мамандар қарағаннан кейін тұрғылықтыжерлері бойынша амбулаториялық ем алу үшін жіберілді. Тағы бір пациент Ұлттық травматология және ортопеди ғылыми-зерттеу институтының травматология бөліміне жеткізіліп, жатқызылды. Оның жағдайы аурлықтың орташа деңгейі ретінде бағаланады. Екі бала №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар да «терінің жарақаттануы» диагнозымен тұрғылықты жерлерінен амбулаториялық ем алу үшін жіберілді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол дәл сол күні Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында жеңіл көлік екі қызды қағып кеткенін, бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісі №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілгендігін айтты.

«Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ол реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Толықтай дәрігерлердің қадағалауында, оған қажетті барлық тиісті шаралар жүргізілуде. Бүгін бақылау диагностикалық тексеруі жоспарланған. Оның нәтижесіне сәйкес одан ары емдеу әдісі анықталатын болады», - деді Әйгерім Ардақ.

Соңғы жаңалықтар