+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Елордада екі жаңа көпір ашылады

2020 жылғы 25 мамыр 01:40
Бөлісіңіз:
Елордада екі жаңа көпір ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биыл көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 400-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысан жөнге келтіріледі Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілді Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Бұл құрылыс биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, «Мыңжылдық» аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз», - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, елордада жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT