Елордада екі күнде 16 мекеме карантин талаптарын бұзды

None
None
НҰР-СҰРТАН. ҚазАқпарат -Елорданың мониторинг топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин талаптарының сақталуы тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәселен, өткен екі күнде, яғни 3 және 4 тамызда мониторинг топтары 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында «Рыба моей мечты» караоке клубы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Ертеңінде осы жағдай «Mansion» караоке барында да анықталды.

Маска режимін сақтамау, әлеуметтік қашық пен карантин режимін сақтамау Байқоңыр ауданының 4 мекемесінде анықталды. Бұл «Әмір» базары, «12 ай» дүкені, «Boroda» және «Muller» барлары. 4 тамызда тағы екі мекеме — «Small» дүкені және «Мята» лаундж бары бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзған.

Сарыарқа ауданында 2 күн ішінде мониторинг топтары «Самұрық» дәмханасы мен «Семейная» моншасында, сондай-ақ «Шашлык на набережной» және «Playstation Club» кафелерінде кемшілікті анықтады.

Жұмыс режимін бұзу, жазғы дәмхананың жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшілік қызметкерлердің бетперде режимін сақтамауы, сондай-ақ әлеуметтік қашықты сақтамау Есіл ауданындағы «Lavash Food» фаст-фуд пунктінде, «Панаехали», «баХабаг» барларында және «Gold Game» компьютер клубында анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай құбылмалы, тәулік сайын қалада КВИ жұқтыруға қатысты 1,3 мың жағдайы анықталады, коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда 300-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады.


Соңғы жаңалықтар