Елордада екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 4-20 тамыз аралығында Ақан сері мен №189 көшеде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы көшелерде жүретін көлік жүргізушілері бағытын алдын-ала жоспарлап алуы тиіс.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол құрылысы жұмыстарына байланысты 4-20 тамыз аралығында Ақан сері (Орынбор) және №189 (Сейфуллин) көшелері толығымен жабылады.



Соңғы жаңалықтар