Елордада екі қабатты үй өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаданың Есіл ауданы аумағында екі қабатты коттедж өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап.

«16 сәуірде сағат 15:53-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД пультіне Есіл ауданындағы Үркер ықшам ауданында екі қабатты коттедждегі өрт туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері күшімен тілсіз жау сағат 16:32 шамасында ауыздықталып, сағат 17:01-де толықтай өшірілді», - деді Нұрсұлтан Нұрахмет.

Белгілі болғандай, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде жеке тұрғын үйде қызыл жалынның не себепті таралғаны анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 қызметкері жұмылдырылды.

null

Соңғы жаңалықтар