Елордада екі бағыттағы жол ашылып, бір жол қайта жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан екі бағыттағы жол ашылып, бір бағыттағы республикалық жол қайта жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

18 ақпанда сағат 19:00-де ауа-райының тұрақталуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» республикалық жолының 917-1 247 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жақсы аулы аралығынла көліктің барлық түрі үшін ашылды.

18 ақпанда «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық жолының 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ерейментау қаласы және Шідерті ауылы аралығында көліктің барлық түрі үшін ашылды.

19 ақпанда сағат 00:30-дв ауа-райының қолайсыздығына байланысты (күшті жел, боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Еске сала кетсек, а уа райының жайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңірінде жолдар жабылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар