Елордада екі автобус соғылып, адамдар зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған балалар автобусына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 07:24-те Мәнгілік ел даңғылындағы автобус аялдамасында №15 автобустың жүргізушісі берілген сигналды ескермей, аялдамада балаларды күтіп тұрған мектеп автобусына соғылды. Оқыс оқиға болған кезде мектеп автобусының ішінде жолаушылар болмаған», - делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, №15 автобустың ішінде 30 адам болған. Оқиға салдарынан оның екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар