Валюта бағамдары:
    usd/kzt 470.9 eur/kzt 496.94

    rub/kzt 8.83 cny/kzt 70.33
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Елордада екі адамды жарақаттаған баннер оқиғасына қатысты тергеу басталды

2022 жылғы 27 мамыр 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада баннер құлап, екі адамның жарақаттануына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 мамырда Алматы аудандық полиция басқармасына «Бейбітшілік пен келісім сарайы» кіре берісінің алдында тұрған баннердің қатты желден оңға қарай жылжып, құлағаны туралы хабарлама түсті. Баннер құлаған сәтте оның жанында 12 жастағы қыз бен 34 жастағы әйел тұрған. Қазіргі уақытта зардап шегушілер ауруханада ем алып жатыр. Осы факті бойынша ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Бұған дейін елордада қатты желдің салдарынан баннер құлап, ересек адам мен жасөспірімнің түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық стационарларға жеткізілгенін хабарлаған едік.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар