Елордада ЕАЭО бірыңғай қаржы кеңістігі мәселелері талқылануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АХҚО бюросының базасында «ЕАЭО қаржы кеңістігінің қалыптасуы мен интеграциялық үдерісіндегі «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі» сараптамалық мектебі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп қаржылық қызметтердің еркін қозғалысы үшін жалпы қаржылық кеңістікті қалыптастыруға, бенефициарларды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржылық қызметтердің спектрін кеңейтуге және одаққа қатысушы елдердің тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыруға қабілетті білікті сарапшылар пулының әлеуетін арттыруға арналған.

Ашылу рәсіміне Ресей мен Беларусь елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) және Халықаралық істер жөніндегі Ресей Кеңесінің басшылығы, сондай-ақ қаржы саласындағы сарапшылар қатысты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының даму қарқыны үлкен әсер қалдырады, өйткені бұл жерде алдыңғы қатарлы қаржылық технологиялар мен кәсіби даму бағдарламаларын құру бойынша үздіксіз жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі сараптамалық мектеп тақырыбының өзектілігі - «ЕЭО қаржы кеңістігінің қалыптасуы мен интеграциялық үдерісіндегі АХҚО рөлі» - күмән тудырмайды. ЕЭО күн тәртібінде интеграцияны дамыту бойынша жоспарлар 2025 жылға дейін жазылған. АХҚО ЕЭО аясында құрылған тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді үйлесімді толықтыратынына сенімдімін», - деді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин.

Ал Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Ничкасовтың айтуыншаАХҚО Еуразиялық экономикалық комиссиямен белсенді диалог жүргізуде.

«АХҚО Еуразиялық экономикалық комиссиямен белсенді диалог жүргізуде. ЕЭО елдері алдында ортақ міндет тұр, ол - 2025 жылға қарай қаржы нарықтарын реттеу саласындағы заңнаманы үйлестіру. АХҚО жаңа тәсілдер мен жаңа құралдарды тестілеу алаңына айналады деп ойлаймын. Мектеп аясында алған білім Одақ елдеріне пайда әкеледі деп сенемін. Сондай-ақ, мектеп қорытындысы одаққа қатысушы елдердегі интеграциялық үдерістерге және АХҚО қызметіне жақсартулар әкеледі деп үміттенемін», - Алексей Ничкасов.

«АХҚО бюросының миссиясы АХҚО экожүйесінде жұмыс істей алатын кәсіби мамандардың сыни массасын қалыптастыру болып табылады. Соңғы екі жылда біз қаржы, есеп және аудит, жобалық менеджмент, fintech бағыттары және т. б. салаларда бір жарым мың мамандарды табысты оқытып, қайта даярладық.

ТМД аумағындағы бірінші және бірегей алаң ретінде АХҚО ЕЭО қаржы нарығын дамыту үшін жаңа перспективалар ашады және тек Қазақстан ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту үшін экожүйені құрады деп сенеміз», - деді АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов.

Айта кетсек мұндай мектеп сегізінші рет өткізіп жатыр.

«Біз мұндай мектепті сегізінші рет өткізіп жатырмыз, осы уақыт ішінде ЕЭО елдерінде жалпы Одақ тақырыбымен, сондай - ақ оның нақты аспектілерімен - еуразиялық интеграцияның басымдықтары мен құралдарымен, ағымдағы жетістіктерді болжау мен бағалаумен, Еуразиялық интеграциялық тақырыпты оқыту тәсілдерімен таныс жас мамандар пулы қалыптасты. Қаржы-инвестициялық тақырып өте маңызды болып табылады және біз АХҚО-мен әріптестікте сарапшыларды осы саладағы жаңа мүмкіндіктер туралы хабардар ете алатынымызға және олардан осы мүмкіндіктерді іске асыру бойынша талдау мен ұсыныстар ала алатынымызға қуаныштымыз», - деді РСМД бағдарламалық директоры Иван Тимофеев.

Сарапшылар мектебіне Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден 140-тан астам өтініш келіп түсті. Конкурстық іріктеу негізінде 20-дан астам сарапшы мектепте оқуға шақыру алды. Олардың ішінде әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің магистрлері, халықаралық кәсіби сертификаттардың иегерлері, үздік ғылыми журналдардың жарияланымдарының авторлары, қаржы, білім беру, талдау саласындағы басқарушылар мен менеджерлер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

Оқытушылар мен спикерлер арасында қаржы, экономика және халықаралық қатынастар саласындағы, ЕЭО аумағында қызметті жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибесі мен білімі бар жетекші сарапшылар.

Қатысушыларды «АХҚО экожүйесі», «бірыңғай биржалық кеңістікті қалыптастыру және оның әлемдік биржалық саудаға кірігуі», «Қаржы нарығы мен қаржы технологияларын дамытудың жаһандық сын-қатерлері мен үрдістері», «ЕАЭО қаржы нарығының халықаралық стандарттарын қалыптастырудағы адами капиталдың және кәсіби дамудың рөлі» және т. б. тақырыптарда дәріс күтеді.

Оқу барысында сондай-ақ, форсайт-жобаларды жүзеге асыру және ЕЭО мүше-мемлекеттері арасындағы қаржылық интеграция саласында нақты ұсыныстар жасауға әкелетін тұсаукесерлерді дайындау бойынша пікірталастар, практикумдар және мастер-кластар өтеді.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

АХҚО Бюросы (BCPD Ltd.) кадрлық әлеуетті кеңейту және АХҚО эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істеу үшін жергілікті мамандардан халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар пулын қалыптастыру мақсатында үздіксіз кәсіби даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, халықаралық кәсіби сертификаттауға даярлауға маманданған.

Astana International Campus (AIC), ЭКСПО аумағындағы АХҚО инфрақұрылымының бір бөлігі бола отырып, BCPD Ltd халықаралық және жергілікті серіктестері үшін кәсіби интерактивті мультимедиялық алаң болып табылады. Кампус қызметі үздіксіз кәсіби даму бастамаларын қолдауға, адами капиталды дамытуға, тақырыптық контентті қалыптастыруға және тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін кәсіби алаңдарды ұйымдастыруға бағытталған.

Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесі - сыртқы саяси міндеттерді шешуде мемлекет, сарапшылар қоғамдастығы, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буын. ӘІҮ қызметі халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға, халықаралық қақтығыстардың алдын алуға және дағдарысты реттеуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар