Елордада «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Донор күні» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияның басты мақсаты – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа атсалысу.

Күннің қолайсыздығына қарамастаникөрсетілген уақыттан бастап елордалық этномәдени орталықтар өкілдері, қала тұрғындары келе бастады. Олар орталық дайындаған барлық талаптарды орындап, қан тапсырды.

«Қан орталығынан құрылған арнайы топ, апта сайын түрлі мекемелерге барып, донорларды қабылдайды. Аптасына шамамен 70 литрдей қан жинақталады. Ең белсенді қатысушыларға «Жас донор», «Денсаулық сақтау үлесіне қосқан Еңбегі үшін» медальдары мен Алғыс хаттар беріледі», - деп атап өтті Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының терапевт-дәрігері Әйгерім Сағынбаева.

«Достық үйінде қан тапсыру үшін өте қолайлы және ыңғайлы жағдай ұйымдастырылған. Мен 2008 жылдан бастап донор атанып, бүгін 18 рет қан тапсырудамын. Бұл акция жөнінде 2 күн бұрын білгеннен кейін, май, өткір және ысталған тағамды пайдаланбадым. Дәрігермен кеңес жүргізілді, дене температурам, қан қысымым өлшенді», - дейді өзбек этномәдени орталығының мүшесі Гуламжан Жуманов.

Белгіленген уақытқа дейін шамамен 40 адам келіп, 25 адам донор атанды.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Еріктілер жылындағы» алғашқы іс-шарасы.




Соңғы жаңалықтар