Елордада Домбыра музейі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Домбыра  музейі ашылады. Бұл туралы бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл мереке 1 шілдеге түсіп тұр. Бұл күні Қазақ елі монументі алдындағы алаңда халықтық серуен өтеді. Алғаш рет тойланатын атаулы оқиға елордамыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, елордамыздың басты алаңында өнер мен музыка саңлақтары жиналады. Шара ашық аспан астында өтеді және үлкен-кішінің, жас-кәрінің басын қосады.

«Домбыра секілді басқа ешбір музыкалық аспап ұлтымызды осылай біріктіріп, рухымызды  көтере алмайды. Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Астанада киіз үйлер тігіліп, Домбыраның мұражайы ашылады. Ол жерде Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов сынды тұлғалардың домбыралары секілді мемориалды-экспонаттар көпшіліктің назарына ұсынылады. Оның ішінде шертпелі, үрмелі, ұрмалы аспаптар да бар. Келушілер домбыра жасау бойынша дәрістерге қатыса алады», - деді Болат Мажағұлов.
null

Естеріңізге сала кетсек, 13 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

null

null

Соңғы жаңалықтар