Елордада домбыра ескерткішіне байқау жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы домбыра ескерткішіне байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең үздік жұмыс ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алдында орнатылады.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалар аясында, 2018 жылы Елбасы шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған еді. Аталған бастаманы жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы - домбыра ескерткіші композициясына байқау жариялайды», - делінген Ұлттық кітапхана хабаралмасында.

Байқауға Қазақстан Республикасының суретшілері мен мүсіншілері шақырылады.

«Байқаудың басты талаптары: ескерткіш 20 метр биіктікке сәйкес келіп, дыбыстық эффектілерді беруі керек және метал құрылғыдан жасалуы шарт», - деп хабарлады кітапхана.

Байқау 2019 жылдың 24 наурызынан 24 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Материалдар [email protected] поштасына қабылданады. Сонымен бірге, конкурсқа қатысушылардың еңбектері әлеуметтік желіде (Facebook) жарияланады және дауыс беріледі.

Соңғы жаңалықтар