Елордада діни бірлестіктер өкілдері ревакцина жасатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада діни бірлестік өкілдері мен сала қызметкерлері қайта вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін елорданың діни бірлестіктерінің бір топ қызметкері ревакцина алуға келіп отырмыз. Дені саудың, жаны демекші екпе алуды біз де қолдаймыз. Індеттен қорғану жолында дін саласы қызметкерлері барша қазақстандықтарды вакцина және ревакцина алуға шақырады. Жалпы елордада 54 діни бірлестік бар. Одан бөлек, қоғамдық және үкіметтік емес діни ұйымдар бар. Бүгін солардың басшыларымен қатар, қызметкерлері де қайта вакцина алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Жалпы саны 60 шақты дін саласы қызметкері қайта вакцина алды.

«Өзім бұған дейін Sinovac вакцинасын салдырғам. Ревакцинаға қандай екпе алатынымды қазір көреміз, мамандар не дейді екен. Елорданың діни бірлестіктерінің бүкіл дерлік қызметкері вакцина алды. Енді ревакцинацтядан өтіп жатыр. Яғни оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни бірлестіктері қызметкерлері мен орыс православие дінінің мамандары да бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысы елордадағы мешіттердің жұмысына қатысты пікір білдірді.

«Мешіттер ашық болғанымен көпшіліктің қатысуымен шаралар өтіп жатқан жоқ. Жамағатпен өтетін жұма намазда әзірге белгісіз. Барлығы қаладағы эпиджағдайға байланысты. Жалпы діни орындардың жұмысы арнайы жиында бөлек қаралады», - деді Н. Әлмұханов.



Соңғы жаңалықтар