Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты шоу-концерті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші кеш шымылдығын «Golden Intro» әнімен ашты. Артынша «Аққуым» әнін орындады.

nullЕске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

nullАл телекөрермендер үшін 6 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетіледі. Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар. Польшадан 20-ға жуық адам келген.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты елордада жолдар жабылады.

Соңғы жаңалықтар