Елордада Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан теннис федерациясы 6-7 наурызда Ұлттық теннис орталығында Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында 2020 жылғы Дэвис кубогының іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Дэвис Кубогы - жүз жылдан астам тарихы бар ерлер теннисіндегі ірі халықаралық командалық жарыс. 1900 жылдан бері жыл сайын өткізіледі, 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының қамқорлығымен ұйымдастырылады. 2019 жылдан бастап - 18 құрамадан тұратын Әлемдік топ маусымның соңында бір апта бойы бас олжаны сарапқа салатын жаңа форматта өткізіліп келеді. Кубоктың қазіргі иегері - Испания құрама командасы.

Қазақстан ерлер құрамасы осы беделді турнирдің ширек финалына бірнеше рет шығып, атақты командаларды жеңді: Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018).

2019 жылы Португалия командасын жеңгеннен кейін, біздің құрама 18-24 қарашада жаңа форматта Мадридте өткен Дэвис кубогының финал кезеңіне шықты. Испания астанасында Қазақстан құрамасы бірінші ойын күні Нидерланд командасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ Ұлыбританиядан 1:2 есебімен ұтылып, плей-оффқа шыға алмады.

6 және 7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы тағы да Нидерланд құрамасымен кездеседі. Бұл Дэвис кубогының ақтық кезеңіне өтіп, қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік командаларының қатарында болуға лайықты екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.


КОМАНДАЛАР ҚҰРАМЫ

ҚАЗАҚСТАН

НИДЕРЛАНД

Александр Бублик

Уэслей Кулхоф

Михаил Кукушкин

Жан-Жульен Ройер

Андрей Голубев

Робин Хаасе

Александр Недовесов

Таллон Грикспур

Дмитрий Попко

Ботик ван де Зандшульп



Соңғы жаңалықтар