Елордада десанттық-шабуылдау бригадасы дабыл кезіндегі іс-қимылын пысықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер бөлім кезекшісінің іс-қимылынан бастап жауынгерлік техниканың шығуы жайлы іс-қимылды орындады.

«Әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министріне кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдарын, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыруды, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беруді, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алып тастау тәртібін және жауынгерлік техниканың тұрағынан шығуын көрсетті», делінген хабарламада.

Бөлімше толықтыруды қарсы алу пунктінің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын, жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылдың қалай жүргізілетінін пысықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 – 21 қараша аралығында Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Бұл түрлі пішіндегі іс-шаралардың жиынтығы. Атап айтқанда, командалық-штабтық әскери ойын, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, дәрістер және тактикалық лездемелер.

Соңғы жаңалықтар