+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

2021 жылғы 15 қазан 16:02
Бөлісіңіз:
Елордада Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында мәнерлеп сырғанаудан танымал спортшы болған Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан 4 медаль алды Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды Өскемен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы болды

«Отандық спортта ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшылар баршылық. Соның бірі Денис Тен. Спортшы қысқа өмірінде әлемдік ареналарда Әнұранымызды ойнатып, туымызды желбіретіп үлгерді. Денис Теннің құрметіне орай спорт қауымдастарымен бірлесіп кең ауқымды шара өткізгелі отырмыз. Негізі өткен жылға жоспарлаған едік, пандемияның салдарынан кейінге шегеруге тура келді. Әрине Денис Теннің құрметіне бұған дейін де түрлі шаралар өтіп жатыр, бірақ олар әуесқой деңгейде», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Министрдің айтуынша, «Denis Ten Memorial Challenge» атты мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Және ол 28-31 қазан күндері елордадағы «Барыс Арена» спорттық кешенінде өтеді.

Айта кетсек, министрлік ұйытқы болған шараны Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдап, «Денис Тен қоры» қоғамдық мекемесі ұйымдастырып отыр.

Сондай-ақ, халықаралық турнирге 20 мемлекеттен 100 спортшы қатысады деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT