Елордада денесінің 50% күйік шалған балаға бірегей ота жасалды
2022 жылғы 22 маусым 07:23

Елордада денесінің 50% күйік шалған балаға бірегей ота жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары денесінің 50% күйік шалған 4 жасар балаға бірегей ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бала қатты күйген, кейіннен бастың қозғалысын шектейтін терең тыртық қалған, сондай-ақ мойынның, дененің, екі қолдың гипертрофиялық тыртықтары, 3-дәрежелі мойын контрактурасы, 2-дәрежелі иық буындарының контрактурасы бар.

№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Бақытхан Сағидолданың айтуынша, балада бет деформациясы да бар, терең тыртықтың конгломератына байланысты мойны қатып қалған, иық буындары 90 градусқа бұрылады.

Комбустиолог-мамандардың бірегей отасы сәтті өтті.

«Отадан кейінгі кезеңде пациентте орын ауыстырылған қақпақшалардың толық кіріккені байқалады, басындағы алғашқы күй түзелді, отадан кейінгі жаралар жазыла бастады. Қолданылған емдеу әдісі отаның бірінші кезеңінен кейін жақсы функционалды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Кейіннен косметикалық ақауларды түзету үшін хирургиялық ота жасалады. Науқастың анасы баласын шілде айында бізге тағы алып келеді және емдеуді жалғастырады деп үміттенеміз», - деді дәрігер.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT