Елордада демалыс күндері жәрмеңке өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 15-16 ақпан күндері қалалық ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының өндірушілері арзан бағада көкөніс өнімдерін сатады.

Атап айтқанда, картоп, сәбіз, пияздың келісін 85 теңгеден, қырыққабаттың келісін 100 теңгеден, сиыр етінің келісін 1 800 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кетсек, жәрмеңке әр апта сайын сенбі, жексенбі күні Р.Қошқарбаев даңғылының бойындағы 37/1-тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан «Аспан базар» сауда үйінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар