Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5, 6 желтоқсан күндергі демалыстарда Нұр-Сұлтан қаласында театр премьералары, қуыршақтар балеті және көрмелер өтеді. Қала әкімдігінен мәлім еткендей, барлық іс-шарада санитарлық талап қатаң сақталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 5 желтоқсан күні сағат 17:00-де Astana Opera-ның камералық залында «Шелковая лестница» бір актілі фарс-операсы ұсынылады.

31 желтоқсанға дейінгі әр сенбіде (сағат 10:00-17:00 аралығында) Тәуелсіздік сарайында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай және «Ақанаевтар әулетіне» арналған көрмелер, «Өнер қарлығаштары» және «Әлем бала көзімен»атты балалар экспозициялары жұмыс істейді. Сондай-ақ, осында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым» атты көрмесі ұсынылған. Бұдан басқа, Тәуелсіздік сарайының қорындағы «Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар» көрмесін тамашалауға болады. Онда елордаға сапармен келген ресми делегациялардың кәдесыйлары қойылған.

Сондай-ақ 1 желтоқсан күніТәуелсіздік сарайында National Geographic халықаралық баспасының «Uly Dala Juregi» көрмесі ашылды. Ол дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 10:00-17:00 аралығында жұмыс істейді.

5 желтоқсан күні сағат 12:00-де және 14:00-де әкімдікке қарасты қалалық Қуыршақ театрында жас көрермендер «Менің салған суретім» балетін тамашалай алады.

Жастар театрында 5 желтоқсан күні сағат 19.00-де «История возлюбленных« комедиясының премьерасы өтеді.

5 желтоқсан сағат 11:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында «Приключения Настеньки« ертегісі қойылады. Трансляция YouTube-те көрсетіледі.

5 желтоқсан сағат 18:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында А.Островскийдің пьесасы негізінде «Гроза« спектаклі өтеді.


Соңғы жаңалықтар