Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада демалыс күндері бірқатар мәдени-ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда елордалық командалардың қатысуымен бірден екі матч өтеді.
«Көрме» залында SuluExpo 2019 сұлулық индустриясының 18-ші халықаралық көрмесі басталды. Қонақтарды республикалық ауқымдағы чемпионаттар, өңірлік деңгейдегі конкурстар, өзекті тақырыптар бойынша конференциялар күтуде. Танымал шеберлердің қатысуымен барлық бағыттағы мастер-кластар, Қазақстан мен Ресейдің үздік сұлулық сарапшыларының оқу семинарлары, тренингтер көрменің сәнін кіргізеді. Сонымен қатар, көрме алаңында өз саласының беделді мамандарының форумдары, сондай-ақ директорлар мен сұлулық индустриясы мамандарына арналған «Sulu Boom» лотерея ойыны өтеді. Іс-шара 9 қарашаға дейін жалғасады, билетті баратын күні тіркеу орнынан алуға болады.
Сенбі, яғни 9 қараша күні «Сарыарқа» велотрегінде «Астана» президенттік баскетбол клубы мен Цмоки-Минск баскетбол клубы кездеседі. Жанкүйер қауымды қызықты ойын күтіп тұр. Себебі бұл екі команданың арасындағы теке-тірес әрдайым тартысты өтеді. «Астана – Цмоки Минск» матчына билеттерді онлайн сатып алуға болады, құны 200 теңгеден басталады. Ойын уақыты 15:00-де.
Күндіз «Астана Арена» стадионында футболдан «Астана» командасы Павлодардың «Ертісімен» кездеседі. Қазақстан премьер-лигасы аясында өтетін ойын 10 қараша күні сағат 15:00-де басталады. Билет құны – 500 теңгеден.
Сол күні кешке Бейбітшілік және келісім сарайының залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың «Тұрсынбек Қабатов 40 жыл» атты жеке әзіл-сықақ концерті өтеді. Әзіл кеші сағат 18:00 басталады. Билеттің ең төменгі бағасы – 3000 теңге.
- Қазақстандық 39 спортшы Италияда өтетін Сурдлимпиадаға аттанды
- Қазақстандық он спортшы Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясын иеленді
- «Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты
- Футбол: «Астана» маусымдағы соңғы матчын Белградта өткізеді
-
Хоккей: «Барыс» Сочиге аттанды
-
Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам