Елордада дауылдан құрылыс краны құлап, Пирамиданың әйнектері сынды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат -Астанада болған қатты дауыл мен бұршақ аралас нөсер салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері сынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Әзірге қатты дауылдан мұнаралық кранның құлағаны белгілі. Сондай-ақ Пирамиданың (Бейбітшілік және келісім сарайы - ред) витражды әйнектеріне зақым келді. Тағы ақпарат келіп түссе, сіздерге хабарлаймыз», - деді Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Куәгерлердің хабарлауынша, мұнаралық кран Алматы-Түркістан көшелерінің қиылысындағы құрылыс аумағында құлаған.

Айта кетейік, Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Салдарынан қаладағы бірқатар нысандарға зақым келді. 
Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді. 
null null 
null 

Соңғы жаңалықтар