+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейеді

2020 жылғы 9 шілде 22:51
Бөлісіңіз:
Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана - адалдық алаңы» екі күн ішінде 15 дәріханаға тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылды Қазақстандық 5 әзірлеуші COVlD-19-ға қарсы вакцинаны өздеріне сынады Коронавируспен науқастанған адам қалай тамақтануы керек - маман пікірі

«Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобымен бірлесіп, елордалық дәріханаларға тексеру жүргізуді жалғастыруда. Бейсенбі күні рейд IKOMEK 109 байланыс орталығына түскен мекен-жай бойынша өтті.

Атап айтсақ, «Murat-Farm 35» дәріханасында қала тұрғынына 90 мг «Ингаверинаны» 7 мың теңгеге сатқан. Бұл дәрі-дәрмектің dari.kz ресми сайтында құны 5 940 теңге мөлшерінде көрсетілген.

Жеңіс даңғылындағы 26а-үйдегі дәріханада қала тұрғыны 16 310 теңгеге 30 мг «Дайвобет» жақпа майын сатып алған, бірақ белгіленген баға 9 435 теңге. Дәріхана сатып алушыға артық төлеген ақшасын қайтарды.

«Бұл жерде дәрілік препараттың бағасы 6 мың теңгеге өскен. Қазір біз тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне осы мекемені бақылауға алуды және олар сататын барлық тауарларды толық тексеруді тапсырдық», - дейді «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Мониторинг нәтижелері нақты шара қабылдау үшін жауапты органдарға жіберілетін болады.

«Дәріханаларды тексеру бойынша рейдтер жалғасуда. Сонымен қатар барлық азаматтардан дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберулерін сұраймын. Қазіргі уақытта медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру - құқық бұзушылық болып саналады», - деп атап өтті «Астана-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов.

Дәріхана басшыларына бағаны көтерудің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Дәрі-дәрмектің бағасына күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша тексеруге болады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT